Қазақстан • 16 Наурыз, 2020

Теміржол вокзалдары мен жолаушылар вагондарында сақтық шаралары жасалынды

353 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап коронавирустың алдын алу жөніндегі ертерек әрекет ету шаралары қабылданып жатыр. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» баспасөз қызметі хабарлады.

Теміржол вокзалдары мен жолаушылар вагондарында сақтық шаралары жасалынды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің COVID-19 коронавирусымен ауырып жатқаны жөніндегі келіп түскен БАҚ сауалдарына келесіні хабарлаймыз:

Мәскеу – Нұр – Сұлтан және Франкфурт – Нұр – Сұлтан рейсімен ұшқан компанияның бірнеше қызметкері ұшақта коронавируспен ауырған жолаушылар болғандықтан, оларға үй карантині белгіленген.

COVID-19 бойынша тест олардың індет жұқтырмағандығын көрсеткен. Дей тұрғанмен, олар қазір үй карантинінде. Бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ коронавируспен ауырғандар жоқ.  

Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап, «ҚТЖ» ҰК» АҚ коронавирустың алдын алу бойынша алдын алу шаралары қабылдануда екендігін қосымша хабарлаймыз. Сонымен, 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Достық станциясына дейін Алматы – Үрімші және Нұр – Сұлтан – Үрімші жолаушылар пойыздарының жүру бағыттары қысқарды. 

Нұр – Сұлтан қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесе жолаушылардан немесе қызмет көрсететін персоналдан коронавирус күдігін анықтаған кезде пойыз бригадасы қызметкерлерінің іс-әрекеттері тәртібін регламенттейтін нұсқама әзірленді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарында көрнекі ақпарат және жадынама, фирмалық және коммерциялық пойыздардың мультимедиялық порталдарында коронавирустың алдын алу жөніндегі бейнероликтер орналастырылған. Жол жүру барысында зарарсыздандыру құралдарын қолдана отырып 4 реттен кем емес ылғалды тазарту жүргізіледі. Пойыздарда ауру анықталған жағдайда зарарсыздандыру құралдары, медициналық маскалар және өзгелері (шүберек, шелек, есепке алу дәптері) қарастырылған.

Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан теміржол вокзалдарында коронавирус таралуының алдын алуда және қауіпсіздік шараларын қабылдауда. Нұр – Сұлтан, Алматы, Семей қалаларындағы және Достық станциясы вокзалдарына ерекше назар аударылуда.

Аталған вокзалдардың есепшілері, кезекшілері мен өзге де қызметкерлері антисептиктермен, қорғаныш қолғаптарымен, маскалармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ жұқпалы індет белгілері бар тұлғалар анықталған жағдайында қауіпсіздік шаралары мен іс-әрекеттері бойынша қызметкерлерге нұсқаулықтар өткізілуде. Еліміз бойынша вокзалдарда барлық ғимараттарды зарарсыздандыруды тұрақты жүргізуге арнайы жуу құралдарының жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген» делінген хабарламада.