Экономика • 16 Наурыз, 2020

Доллар бағамы 446 теңгеге дейін қымбаттады

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ долларының бағамы 446 теңгеден асты. Бұл туралы Kurs.kz хабарлады.

Доллар бағамы 446 теңгеге дейін қымбаттады

Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пункттерінде 1 доллар сатып алудың орташа бағасы – 420 теңге, ал сату – 446,2 теңгеге жетті.

Алматыда 1 доллар валюта айырбастау пункттерінде орташа есеппен – 424,3 теңге,  ал  сату - 439,4 теңгені құрайды.

Шымкентте айырбастау орындарында 1 доллар сатып алудың орташа бағасы 418 теңгені құрайды, әзірше доллар сату тоқтатылды.

Қазақстан Ұлттық Банкі дүйсенбі күнгі белгілеген АҚШ долларының ресми бағамы 405, 46 теңгені құрайды.