Қоғам • 16 Наурыз, 2020

Елордада қандай қызметтерді онлайн алуға болады?

16 реткөрсетілді

Елімізде коронавирустық инфекцияның таралмауы жөніндегі шаралардың қабылдануына байланысты азаматтар мемлекеттік қызметтің 100-ден аса түрін үйден шықпай алуына болады. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram каналында мәлімдеді.

- Құрметті тұрғындар, елімізде коронавирустың таралмауы жөніндегі арнайы шаралардың қабылдануына байланысты қоғамдық орындарға барудан аулақ болу ұсынылады. Сондықтан сізге кейбір қызметтерді    онлайн алуға болатындығын ескертеміз. Мысалға, сіз www.iqala.kz порталында үйден шықпай-ақ жарық, су, электр, телефон және қызметтердің 100-ден астам түрлерін қосуға келісім-шарттарға қол қоюға болады, - деді Малика Бектұрова.

Сонымен қатар Iqala порталында тұрғындарға лифт пен көлік карталарын толтырып, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, көлік салығын есептеуге, су есептегіштердің көрсеткіштерін тексеріп, қайырымдылыққа салым жасауға мүмкіндік жасалған.

Ал Smart Astana қосымшасында карантинге қатысты барлық ақпаратты алуға болады. Одан бөлек, e.astana.kz порталында онлайн режимінде баланы кезекке қоюға немесе оның қозғалысын қадағауға, ПМПК емтиханына тіркелуге немесе бақшадан орын алуға болады.

- Құрметті тұрғындар, цифрлық қызметтерді пайдаланыңыз, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, қоғамдық орындарға баруды барынша азайтыңыз, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын орындаңыз және деніңіз сау болсын! - деп жазды Малика Бектұрова.


Соңғы жаңалықтар

Бензин бағасы арзандады

Экономика • Кеше

14 отбасыға қол ұшын созды

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар