Ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарау – бұл ақша нарығындағы шарттардың өзгеруіне берілген барабар жауап. Еске саламыз, базалық мөлшерлеме 9,25 пайыздан 12 пайызға көтеріліп, оның пайыздық дәлізі +/- 0,5 пайыздық тармаққа кеңейтілген болатын.
Ұзақ мерзімді жинақ салымдар ең жоғары табысты салымдар болып қала береді. Бір жыл мерзімге ашылған және толықтырылмайтын жинақ салымдар бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлеме 15,1 пайызға, екі жыл мерзім бойынша – 15,5 пайызға өседі. Бұл бұған дейінгі мәндерден 1 пайыздық тармаққа жоғары. Жинақ салымдарға деген сұраныс бәсеңдеген жоқ. Керісінше ақшаның құны өзгеріп жатқан жағдайда бұл салымдар едәуір жоғары табыс әкеледі. Оның үстіне аталмыш салымдар ҚДКБҚ тарапынан қорғалады.
Толықтыруға және кез келген уақытта алуға болатын мерзімсіз салымдар – бұл жалпы бұқаралық өнім –мұндай депозиттер барлық банктердің депозиттер желісінде бар. Өткен аптада мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемердің мәні қайта қаралған соң, оған қоса базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің кеңейтілуіне байланысты ҚДКБҚ бүгін базалық мөлшерлеменің спредін 0,5-тен 1 пайыздық тармаққа ұлғайтты. Банктер бүгіннен бастап-ақ мерзімсіз салымдарды 13 пайызға дейінгі мөлшерлемемен қабылдауға құқылы.
Үш және алты айлық қысқа мерзімді жинақ салымдар ҚДКБҚ-ның базалық мөлшерлемеден тыс спредті 1-ден 2 пайыздық тармаққа дейін өсіру туралы шешімінің арқасында едәуір жоғары табысты салымдарға айналады. Бүгіннен бастап 3 және 6 айлық жинақ депозиттер бойынша мөлшерлемелердің ең жоғары мәні - 14,0 пайызды құрайды.
ҚДКБҚ мерзімді салымдар бойынша мөлшерлемелердің ең жоғары мәнін өзгеріссіз, яғни, 10 наурызда бекітілген деңгейде қалдырды. Алайда мына мерзімді депозиттер бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелерді, дәлірек: бір жылға ашылған депозиттер бойынша - 12,2 пайызға, екі жылға – 12,9 пайызға дейін өсірді.
«ҚДКБҚ әрекеті нарықтық әдістемеге негізделеді және бірінші кезекте қазақстандық салымшылардың мүдделерін қорғауға және салымдарды саралаудың негізгі қағидасын сақтауға бағытталған: барлық депозиттер инфляциядан жоғары табыс әкеледі, ал мерзімінен бұрын алуға қатысты ең жоғары талаптарға ие жинақ салымдар едәуір жоғары табыстылық әкеледі», - деп түсіндірді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төрағасының міндетін атқарушы Бота Ақбаева.
Депозиттер санаты |
2020 жылдың наурыз – сәуір айларына ҚДКБҚ ұсынған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері |
|
Толықтырылатын депозиттер бойынша
|
Толықтырылмайтын депозиттер бойынша |
|
Мерзімсіз депозиттер |
13,0% ▲ |
13,0% ▲ |
Мерзімді депозиттер |
||
3 айлық |
13,0% |
13,0% |
6 айлық |
13,0% |
13,0% |
12 айлық |
11,7% ▲ |
12,2% ▲ |
24 айлық |
11,8% ▲ |
12,9% ▲ |
Жинақ депозиттер |
||
3 айлық |
14,0% ▲ |
14,0% ▲ |
6 айлық |
14,0% ▲ |
14,0% ▲ |
12 айлық |
14,0% ▲ |
15,1%▲ |
24 айлық |
13,6% ▲ |
15,5% ▲ |
Анықтама
Қазақстанда 2018 жылдың қазан айынан бастап жаңа депозиттік жіктелім – мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар қолданылады.
Мерзімсіз салым – бұл ең үйреншікті депозит: банк салымы шартының қолданылу мерзімі салымшыға шотынан ақша алу жөнінде ешқандай шектеу қоймайды: ол ақшасын кез келген сәтте пайдалана алады. Бұл ретте салым бойынша сыйақы жоғалмайды.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі негізінде есептеледі. Ал бір жылдан жоғары мерзімге қабылданатын мерзімді және жинақ салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері бәсекелі нарықта қалыптасқан сыйақы мөлшерлемелері негізінде есептеледі. Сондықтан бұл салымдар бойынша табыстылық жоғары.
Мерзімді салым мерзімсіз салымға қарағандаедәуір жоғары табыстылық алуға, ал жинақ салым ең жоғары табыстылық алуға бағытталған. Бұл жерде көтеріңкі сыйақы мөлшерлемесін – ақшаны мерзімінен бұрын алуға қойылған шектеу үшін берілетін өтемақы деп қабылдаған жөн.
Мерзімді салымдар бойынша ақшаны мерзімінен бұрын жартылай және толық көлемде алуға мүмкіндік беріледі. Бірақ бұл жағдайда сыйақы көлемі азайтылады.
Жинақ салымдар бойынша мерзімінен бұрын жартылай алуға жол берілмейді. Тек толығымен алуға болады. Салымды мерзімінен бұрын алу барысында банк есептелген сыйақыны жылына 0,1 немесе одан да төмен пайызға азайтады. Ал ақша салымшыға тек 30 күннен кейін ғана беріледі. Сондықтан жинақ салым оған салынған ақшаны мерзімінен бұрын пайдаланбайтындығына сенімді салымшылар үшін өте тиімді. Бұл салымақшаны көтеріңкі мөлшерлемелер және пайыздардың капиталдануы есебінен тез жинауға және жинақ ақшаға жоғары табыс алуға мүмкіндік береді.
ҚДКБҚ кепілдігі теңгедегі мерзімсіз және мерзімді салымдар бойынша – 10 миллион теңгені, ал жинақ депозиттер бойынша - 15 миллион теңгені құрайды. Егер салымдар әр түрлі банктерде орналастырылған болса, ҚДКБҚ әр банктегі депозиттерге бөлек кепілдік береді.