Әлем • 16 Наурыз, 2020

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6 адамға жетті

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қауіпті дертке шалдыққан осы елдегі алғашқы дерек кеше тіркелген еді. Бұл туралы Uz.news агенттігі хабарлады.

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6 адамға жетті

 

Осы елдегі алғашқы коронавирус дерегі кеше Вирусология институтының зертханасында тіркелді. Оны наурыздың 11-і күні Парижден ұшып келген келіншек жұқтырған.

Сонымен бірге бүгін таңертең тағы үш адамда жұқпалы аурудың белгілері анықталғаны белгілі болды. Оның екеуі қауіпті індетке шалдыққан әйелдің балалары. Қазіргі уақытта науқастың тағы 10 туған-туысы, бір рейспен ұшып келген 23 жолаушы және сол күні әуежайда жұмыс істеген шекарашылар, кеденшілер мен әуежай қызметкерлері карантинге алынды.

Бұдан бөлек, кеше Ыстамбұлдан Ташкентке ұшып келген Өзбекстан азаматынан вирус анықталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.