Мемлекет басшысының айтуынша, бұл құжат мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыруға, биліктің вертикалін нығайтуға және дағдарыс жағдайында, оның ішінде, қажет болса, салық саласында барлық қажетті шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді.
- Жарлық дәрі-дәрмектер мен басқа да құралдарды жеңілдетілген тәртіппен, негізінен отандық өндірушілерден сатып алуға құқық береді. Осылайша, біз қымбат уақыт пен қаражатты үнемдейміз, бұл қалыптасқан төтенше жағдайларда өте маңызды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.