Қоғам • 16 Наурыз, 2020

Мәдениет және спорт қайраткерлері азаматтарды коронавирусқа қарсы бірге күресуге шақырды

41 реткөрсетілді

Мәдениет, спорт қайраткерлері және интеллигенция өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін қолдап, тұрғындарды коронавирус инфекциясының алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың айтуынша,  коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік органдар тарапынан ауқымды шаралар қабылдануда және бұл қиындықты бірлесе отырып еңсеретін боламыз.

«Қазақта сөз бар, сақтансаң, сақтаймын деген. Бұл індетке қарсы ел, мемлекет болып қорғануымыз керек. Мұндай кезде сасқалақтап, ұшқалақтыққа ұрынып, індетті күшейтіп алмауымыз керек. Барынша тәртіпке бағынып, дәрігерлердің айтқан нұсқаулығын орындайық. Бұл қиындықты да біріге отырып еңсереміз», - деді ақын Несіпбек Айтұлы.

«Барыс» хоккей командасының шабуылшысы Роман Старченко өз жанкүйерлеріне осынау қиын кезде бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды.

«Бұл коронавирус пандемиясына орай қабылданған уақытша шара. Біз қашанда Сіздердің қолдауларыңызды сеземіз. Біз жақсы ойын көрсетіп, сіздерді қуантқымыз келеді. Осы кезеңде бізді, бір-бірлеріңізді қолдаңыздар», - дейді хоккеист Р. Старченко.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының жүлдегері Гюзел Манюрова мемлекет тарапынан қабылданған шараларды қолдауға шақырды. Оның айтуынша барлық спорттық шаралар тоқтатылды. Алайда, бұған қарамастан біздің спортшылар сайыстарда жақсы нәтижелер көрсету үшін жаттығып жатыр.

«Құрметті достар, қазір коронавирус әлемнің көптеген елінде таралуда. Мен біздің елімізде бұл індетті жеңетініне сенемін. Жеке тазалықты сақтаңыздар. Қиындықты тек бірлесе отырып ғана еңсереміз», - деп атап өтті Г. Манюрова.

Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлерге алғыс білдірді

Елорда • Бүгін, 21:19

Бейқамдыққа жол берілмеуі керек

Руханият • Бүгін, 19:44

Коронавируссыз Қостанай

Аймақтар • Бүгін, 19:27

Күріш экспортына кедергі жоқ

Аймақтар • Бүгін, 18:35

Әлем үнемделе бастады

Әлем • Бүгін, 18:23

Шымкентте індет жұқтырған тағы 8 адам анықталды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 17:36

Кәдімгі бір Қыдыр-ата сияқты

Әдебиет • Бүгін, 17:27

Ұқсас жаңалықтар