Аймақтар • 16 Наурыз, 2020

Оқушылар демалыста, студенттер қашықтан оқытылмақ

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев студенттерді қашықтан оқытуға, мектеп оқушыларын 16 наурыздан бастап мерзімінен бұрын демалысқа жіберу туралы хабарлаған болатын. 

Оқушылар демалыста, студенттер қашықтан оқытылмақ

Семейде мектеп оқушылары мерзімінен бұрын демалысқа шықты, ал студенттер қашықтан оқытылуға көшті. Осы мерзімде оқушылардың тоқсандық бағалары қорытындыланды. Семей қалалық Білім бөлімі барлық басшылармен кеңес өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атқарылатын жұмыстар және коронавирусқа қатысты шаралар туралы Білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко  айтып берді:

- Сәуірдің 5-нен кейін де балалар үйде қалатын болса, біз байланысу үшін интернет арқылы ақпарат жинаймыз. Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істей береді. Зарарсыздандыру жұмыстарын күшейтеміз. Антисептик алу жайлы тапсырма келген. Бірақ ол қалада жоқ. Дегенмен, мектептер қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қажетті мөлшерден көбірек жұмсалса, қосымша алу жағын қарастырамыз. Әжетханада сабын, орамал бар. Ол жағынан тапшылық жоқ. Көптеген жеке меншік мекеме жұмыс істеуін жалғастыруда. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз және жүргізе беретін де боламыз, - деді Наталия  Фесенко.

1

Семей ақпараттық орталығының хабарлауынша, қосымша білім беру үйірмелері мен секциялар да жұмыс уақыттарын шектеді. Мамандар демалыс уақытында ата-аналарға балаларды қоғамдық орындарға апармауға, сондай-ақ, аса қажеттілік болмаса қала сыртына шықпауға кеңес береді.

 

СЕМЕЙ