Сондай-ақ сұхбат барысында конфессияаралық диалогты нығайту мәселелері мен заманауи сын-тегеуріндерді еңсеру жолдарын іздестірудің маңыздылығы атап өтілді. Осы ретте Сұлтан әр-Румейси Қазақстанның толеранттылық пен әртүрлілікті дәріптеудегі көшбасшылық рөліне жоғары баға берді. Оның айтуынша, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі дәстүрлі дін өкілдерінің басын қосып, ортақ проблемаларды талқылауға мүмкіндік беретін бірегей алаң болып табылады.
Сонымен қатар кездесуге «Адамдар арасындағы бауырластық жөніндегі жоғарғы комитеттің» Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам қатысты. Халықаралық ұйымдардың өкілдері Қазақстандағы Съезд «бейбітшіліктің брендіне» айналғанын жеткізіп, алдағы Хатшылық отырысына белсенді түрде қатысатындықтарын растады.