Спорт • 16 Наурыз, 2020

Таэквондодан құрлықтық іріктеу турнирі маусымға ауыстырылды

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таэквондодан Азия құрлықтық іріктеу турнирі Амманда (Иордания) жоспарланған. Коронавирус індетінің әлемде таралуына байланысты маңызды турнирдің өткізілетін уақыты маусымға ауыстырылды. Бұл туралы  Таэквондо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Таэквондодан құрлықтық іріктеу турнирі маусымға ауыстырылды

«Құрметті әріптестер, бұған дейін хабарлағанымыздай, Иордания таэквондо федерациясы 10-12 сәуір күндері Амманда өтетін құрлықтық іріктеу турнирінің уақытын шегерген болатын. Халықаралық таэквондо федерациясы, Азия таэквондо федерациясы мен Иордания таэквондо федерациясы ақылдаса келе жарыс уақытының өзгеретіні туралы шешім қабылдадық. Нәтижесінде, Олимпиада ойындарына Азия аймағының іріктеу турнирі 5-7 маусымға ауыстырылады. Жарыс өтетін жер алдағы уақытта хабарланады» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар