Футболдан Қазақстан Чемпионаты, Қазақстан Кубогы, Бірінші Лиганың және Екінші Лиганың матчтары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін енгізілген төтенше жағдайға байланысты тоқтайды.
Адамның денсаулығы мен әл-ауқаты, сондай-ақ вирустың таралуын болдырмау қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бірінші кезектегі міндеттер болып табылады. Біз барлығын сабырлы болуға және барлық алдын-алу шараларын қабылдауға шақырамыз. Матчтардың өтетін күндері туралы шешім кейінірек қабылданады.