Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кезеңнің басында республиканың басым бөлігінде кей жерлерде жауын-шашын, солтүстікте желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары республиканың шығыс бөлігінде температураның жоғарылауын алып келеді, бірақ фронттардың артынан ығысатын суық антициклон температураның біртіндеп төмендеуін алдымен батыста, сондай кейін Қазақстанның қалған аймақтарында алып келеді. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады.
17 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман сақталады, көктайғақ байқалады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Көкшетау қ.: 17 наурызда жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.