Қоғам • 16 Наурыз, 2020

«ҚазМұнайГаз» компаниясының екі қызметкерінен коронавирусқа сараптама алынды

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызметкерлердің біреуі Франкфурттен Нұр-Сұлтан қаласына келген рейсте коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқаспен бірге бір ұшақта болған. Ал екінші қызметкер Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейін осы ұшақпен ұшып барған көрінеді. Алгоритмге сәйкес, COVID-19 бар-жоғын анықтау үшін қызметкерлерден коронавирусқа сараптама алынды.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының екі қызметкерінен коронавирусқа сараптама алынды

- Компанияның орталық аппаратының екі қызметкері коронавирустық инфекцияны жұктыруы мүмкін деген күдік болғанын хабарлауды жөн көрдік. Қызметкерлердің біреуі Франкфурттен Нұр-Сұлтан қаласына келген рейсте коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқаспен бірге бір ұшақта болды. Екінші қызметкер Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейін осы ұшақпен ұшып барған болатын. Қызметкерлер алгоритмге сәйкес, COVID-19 бар-жоғын анықтау үшін тест тапсырды, оның нәтижелері теріс болып шықты, - делінген «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қосымша шаралар енгізу туралы» Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес аталған қызметкерлер «ықтимал байланыс» санатына жатқызылды. Қазіргі уақытта олар үйдегі карантинге орналастырылды.

Сонымен бірге ҚМГ компаниялары тобы қызметкерлерінің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатқанын хабарлаймыз:

  1. офистік және өндірістік ғимараттарда дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Қызметкерлер арасында жеке гигиенаны сақтау шаралары туралы түсіндіру жұмыстары өткізілуде;
  2. ҚМГ компаниялары тобы бойынша қызметкерлердің Қазақстан аумағында, сондай-ақ шетелге іссапарлардың барлығына тыйым салынды;
  3. барлық көпшілік іс-шаралар тоқтатылды;
  4. өндірісте адамдар көп жиналатын жерлерде дезинфекция жүргізу, сондай-ақ қызметкерлердің дене қызуын өлшеу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда;
  5. әкімшілік қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне ауысуда;
  6. орталық аппарат пен барлық еншілес ұйымдарда арнайы жедел штабтар құрылды.

ҚМГ үшін қызметкерлердің қауіпсіздігі және үздіксіз өндірістік қызметті қамтамасыз ету ерекше басымдыққа ие екенін атап өтеміз.

2020 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекцияға шалдыққан қызметкерлер анықталмады. ҚМГ-ның барлық кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Бұдан басқа, мұнай мен газ өндіру, тасымалдау және мұнай өңдеу зауыттарындағы жұмыс қалыпты жағдайда жүзеге асырылып жатқанын хабарлаймыз. Мұнай өнімдерінің тапшылығы байқалмайды.

Компания осы мәселелерге байланысты барлық өзгерістер туралы жұртшылықты уақытылы хабардар етіп отыруға ниетті.