Қоғам • 16 Наурыз, 2020

Қашықтан жұмыс істейтіндерге еңбекақы төлеу тәртібі өзгермейді - Б. Нұрымбетов

1253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында елде енгізілген төтенше жағдай бойынша Президент тапсырмаларын жүзеге асыру тақырыбында өтіп жатқан онлайн баспасөз конференциясында айтты.

Қашықтан жұмыс істейтіндерге еңбекақы төлеу тәртібі өзгермейді - Б. Нұрымбетов

«Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты біраз мекеме мен кәсіпорындар жұмысына шектеу қоюға, кейбіреулері тоқтатуға мәжбүр болады. Осыған байланысты жұмысшылардың жұмыс істеу режимі өзгереді. Осыған қатысты бүгін мен жұмыс берушілерді қызметкерлер алдында әлеуметтік жауапкершілік танытуға және еңбек заңдылығын сақтауға шақырамын. Жұмыс істеп жүрген азаматтар өз еңбек құқықтарын білуі қажет» деді министр.

Осы ретте Біржан Нұрымбетов қашықтан жұмыс істеу тәртібін түсіндірді.

«Біріншіден, барлық кәсіпорын, мекемелер қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, сондай режимге өтуге міндетті. Еңбек кодексінің 138-бабына сәйкес, қашықтан жұмыс жүргізген кезде еңбек ақы төлеу тәртібі өзгермейді. Бұл жерде азамат жұмыс орнынан емес, үйінен күнделікті қызметін атқарады. Жалақы өзі ай сайын алатын көлемде төленеді» деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.