Шахрат Нұрышев бірқатар жағдайда азаматтардың мемлекеттік шекара арқылы кіруіне немесе шығуына шектеу қойылмайтынын айтты. Олар:
- Бұрын шет мемлекеттің аумағына шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып келген Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын ұсынып, шетелге емделуге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Осыған дейін Қазақстан Республикасының аумағына кірген және елден шығатын шетелдіктер;
- Еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;
- Поездық және локомотив бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері;
- Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал;
- Шектеулерді енгізгенге дейін (2020 жылғы 16 наурыз сағат 08.00-ге дейін) жолға шыққан және транзиттік жолаушылар поезымен жолда келе жатқан шетелдіктер;
- Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаттары бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар);
- Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшесі болып табылатын шет ел азаматы (туыстық байланыс фактісі расталған жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары).