Білім • 16 Наурыз, 2020

Қажет болған жағдайда қашықтан оқуды әрі қарай жалғастыруға дайын боламыз - Асхат Аймағамбетов

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 сәуірден кейін осындай нақты жағдай болатын болса, біз қашықтан оқыту  жүйесіне көшуге дайын боламыз. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Қажет болған жағдайда қашықтан оқуды әрі қарай жалғастыруға дайын боламыз - Асхат Аймағамбетов

«16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін балалар көктемгі демалысқа шықты. Осы уақыт аралығында мектеп мұғалімдері қашықтан жұмыс істейтін болады. Каникул аяқталған соң, қажет болған жағдайда, оқушыларды қашықтан оқыту үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл тұрғыда арнайы топ құрған болатынбыз. Бұл топ бір жарым ай бойы жұмысын атқарып жатыр. Егер 5 сәуірден кейін осындай нақты жағдай болатын болса, онда біз қашықтан оқыту жүйесіне көшуге дайын боламыз. Сондықтан қазіргі уақытта біз жүйелі контентпен қамтамасыз ету, оны толтыру, педагогтарды үйрету, сервистерді тестілеу жұмыстарын жүргізіп, оны 5 сәуірге дейін аяқтап, қажет болған жағдайда, жаңа форматпен жұмыс істеуді, әрі қарай оқуды жалғастыруға дайын боламыз» деді Асхат Аймағамбетов.