Қазақстан • 17 Наурыз, 2020

Қазақстандық фармацевтер өз өнімдерімізге көбірек сенім артатын болды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдыңғы жылы көктемде Ipsos компаниясымен өткізілген PHARMA-Q «Фармацев дәрішілердің көзқарасы» синдикаттық зерттеуінің мәліметтері бойынша, SANTO өніміне қазақстандық фармацевтер арасында SANTO компаниясының беделін бағалауда оңды динамика байқалып отыр.

Қазақстандық фармацевтер өз өнімдерімізге көбірек сенім артатын болды

Егер 2018 жылдың көктемінде респонденттердің тек 49% SANTO өнімінің беделін «өте жақсы» деп бағаласа, 2018 жылдың күзінде-ақ олардың саны 52%-ға өсті, ал 2019 жылдың көктемінде бұл көрсеткіш 63%-дан асып, алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ға өсті. Осылайша, SANTO компаниясы фармацевтердің берген бағалауының нәтижесінде Қазақстандағы фармацевтикалық компаниялардың ТОП-15 рейтингіне кірді. Ipsos компаниясының берген мәліметтері бойынша фармацевтер SANTO компаниясының өнімдерін жиірек ұсынатын болған.

Салыстыру үшін: 2018 жылдың көктемінде дәрі-дәрмектерді сұралғандардың 47% ұсынса, 2019 жылдың көктемінде 67% ұсынды. Сондай-ақ тұтынушылардың 54% дәрі-дәрмек таңдау кезінде өндіруші елдің маңызды болмай қалғанын айта кеткен жөн. Олардың ойынша, негізгі критерий дәрі-дәрмектердің сапасы мен олардың тиімділігі болып табылады.

Фармацевтердің көпшілігі (66%) компания рейтингі оның дәрі-дәрмектерінің сапасы мен тиімділігінің арқасында өскенін атап өтті. Бұл ретте SANTO дәрі-дәрмектері туралы фармацевтердің барлығы (98%) дерлік жақсы хабарландырылғанын айта кеткен жөн. Бұл компания жүргізген көптеген семинар мен конференциялар түріндегі оқыту шараларының арқасында мүмкін болды. Бұл шаралар фармацевтикалық мамандар арасында барған сайын үлкен сұранысқа ие бола бастады.

 

АЛМАТЫ