Әлем • 17 Наурыз, 2020

Францияда Dior, Guerlain әтір орнына антибактериалды гель шығара бастады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияда Dior, Guerlain, Givenchy әтірдің орнына антибактериалды гель шығара бастады. Бұл туралы Франциядағы қазақтар қауымдастығының (АКФ) президенті Берлин Иришев өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.

Францияда Dior, Guerlain әтір орнына антибактериалды гель шығара бастады

Сонымен LVMN холдингі елдегі бүкіл медициналық мекемелерді қамтамасыз ету үшін жаппай антибактериалды гель жасауға көшті. Бұл бастамаға LVMN құрамындағы Dior, Guerlain, Givenchy сынды әлемге әйгілі компаниялар да қосылды.

LVMN тек соңғы аптада 14 миллиард еуро шығынға батқанына қарамастан, осындай шешім қабылдады. Бұрын-соңды олдинг тарихында болмаған осынау орасан шығын оның президенті Бернард Арноға өз халқының қамы үшін осындай қадамға баруға кедергі жасаған жоқ.