Экономика • 17 Наурыз, 2020

Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты – М.Әбілқасымова

20 реткөрсетілді

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне және әлемдік қаржы нарықтарындағы ахуалдың өзгеруіне, халық пен бизнестің қарыз жүктемесінің өсуіне жол бермеуге байланысты пруденциялық реттеудің уақытша шаралары туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова баяндады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың биыл 13 наурызда жедел штабтың отырысында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде, төтенше жағдай режимінің әсерін жұмсарту үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен бірлесіп, қаржы жүйесінің тұрақтылығын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірледі. 

М. Әбілқасымованың айтуынша, бірінші шара қаржы жүйесінің тұрақтылығына бағытталған. «Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты. Шоғырландырылған негізде екінші деңгейдегі банктердің үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және банктік қызметтердің толық тізбесін көрсету үшін меншікті капиталы мен өтімділігінің едәуір қоры бар. Банктердің салымшылары үшін тәуекелдер жоқ. Активтер сапасын тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша реттеушілік минимумға қатысты k1 капиталы жеткіліктілігінің асып кетуі түзетулерді ескере отырып 70%-ды құрайды. Агенттік банктердің тауар және қаржы нарықтарындағы әлеуетті күйзелістерге орнықтылығын анықтау үшін жүйелік деңгейде және банктер бойынша жеке алғанда банк жүйесін стресс-тестілеу жұмысын жүргізуде», — деп хабарлады қаржы реттеушісінің басшысы.

Биылғы 30 наурызға дейін активтердің сапасын тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша банктердің түзету іс-қимыл жоспарлары қабылданады. Бұл ретте, өзгерген экономикалық жағдайларды назарға ала отырып, 2020 жылғы 1 қазанға дейін провизияларды есептеу тәсілдерін қатаңдататын бірқатар реттеушілік шараларды енгізу кейінге қалдырылады.

«Биылғы 1 сәуір – 1 қазан аралығында Қазақстан бизнесін кредиттеу деңгейін төмендетуді болдырмауға бағытталған пруденциялық реттеудің уақытша шаралары қабылданатын болады. Бұл реттеу шараларының контрциклдық сипаты бар және олар банктердің капиталы мен өтімділігіне қысымды төмендетуге бағытталған», — деп атап өтті М. Әбілқасымова.

Ол үшін Агенттік бизнесті қолдаудың, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жобаларды қаржыландырған кезде тұрақты кепілдер тізбесін кеңейтеді және ШОБ, МЖӘ кредиттері және синдикатталған кредиттер бойынша төмендетілген тәуекел-саралауды енгізеді. Сонымен қатар төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қарыз бойынша төлемді кейінге шегеру реттеушілік талаптар бойынша құнсыздану мен провизиялауды талап етпейді.

Бұл нормаларды қолдану экономиканы кредиттеу үшін 168 млрд теңге мөлшерінде меншікті капиталды қосымша босатуға мүмкіндік береді.

«Банктердің өтімділігін сақтау және тұрақты қорландыруын қолдау үшін өтімділігі жоғары деп танылатын активтер тізбесі кеңейтіледі. Сонымен бірге банктердің валюталық тәуекелдерін төмендету үшін ұзақ валюталық позиция лимиті және нетто-валюталық позиция лимиті төмендетіледі. Қор және сақтандыру нарықтарының субъектілері үшін тәуекел-саралау коэффициенттері төмендетіледі. НҚА-ға тиісті түзетулер дайындалды және биылғы 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі», — деп түсіндірді М. Әбілқасымова.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Үкіметтің биылғы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берген, кепілсіз тұтынушылық кредиттеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде, төтенше жағдай кезеңінде және бұдан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салу енгізіледі.

«Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін, 50%-дан астам мерзімі өткен берешекті 12 айда өтеген және міндеттемелерді кейіннен орындаған жағдайда қарыз алушы үшін жағымсыз кредиттік тарихты түзету бойынша мүмкіндік көзделеді», — деп хабарлады М. Әбілқасымова.

Агенттік екінші деңгейдегі банктермен және кредит нарығының басқа да субъектілерімен, сондай-ақ «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп мынадай шаралар қабылдауды ұсынады.

«Біріншіден, Азаматтық кодекстің 359-бабына сәйкес кредит бойынша міндеттемесін орындамаған қарыз алушы бой бермейтiн күш мән-жайлары, яғни төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар болған кезде мүліктік жауапкершілік атқармайды. Мұндай мән-жайларға төтенше жағдай режимінің енгізілуі жатады», — деп хабарлады ол.

Соған байланысты, жеке және заңды тұлғалардың қарыздары мен микрокредиттері бойынша төлемдер мерзімінің өтуі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты туындаған кезде айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмеуге тиіс. Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға банктер ғана емес, ломбардтарды және кредиттік серіктестіктерді, сондай-ақ қарыз беретін барлық кредиторларды қоса алғанда, барлық микроқаржы ұйымдары берген қарыздарға қолданылатын болады.

Екіншіден, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабының 3-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 6-тармағына сәйкес кредиторлар шарт талаптарын қарыз алушы үшін жақсартқан жағдайда оларды біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.

«Осыған орай, банктер және микроқаржы ұйымдары төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі борыш пен сыйақыны қоса алғанда, төлемдер мерзімін 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру жұмысын жүргізуге тиіс», — деп қорытындылады М. Әбілқасымова.

Бұдан өзге, банктер мен кредит нарығының басқа да субъектілері аталған шараларды халық пен бизнеске қолайлы болу үшін барынша қашықтан қатынас жасау нысанында іске асыру үшін қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасаудың тәртібі мен тетіктерін айқындайды.

Агенттік Үкіметпен бірлесіп мемлекеттік бағдарламалар – Қарапайым заттар экономикасы және Бизнестің жол картасы-2020 шеңберінде экономиканы кредиттеуді қолдау шараларын пысықтауда. Агенттік қаржы нарығындағы ахуалға күшейтілген мониторингті жалғастырады және көрсетілген шараларды іске асыруға бақылауды қамтамасыз етеді. 

Соңғы жаңалықтар

Дәстүрді бұлдау ма бұл?!

Руханият • Бүгін, 12:23

Коронавирус шаш арқылы жұғады

Коронавирус • Бүгін, 12:19

«Алтын Орда» күйін шығарды

Руханият • Бүгін, 11:21

Карантиннен келетін зардап мол

Коронавирус • Бүгін, 11:09

Тағы бір науқас қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 08:07

Конкурс жарияланады

Қоғам • Бүгін, 07:57

Көршіңізбен қалайсыз?

Руханият • Бүгін, 07:54

Сөз сойыл №92

Руханият • Бүгін, 07:50

Қажығұмарды қайтеміз?

Таным • Бүгін, 07:47

Тұратыда туған тарландар

Руханият • Бүгін, 07:45

«Штрафбаттың» командирі

Руханият • Бүгін, 07:43

Ұқсас жаңалықтар