Тоқтатылған пойыздар туралы толық ақпаратты ҚТЖ корпоративтік сайтынан алуға болады.
«Пойыздардың тоқтатылуына байланысты, біздің кассаларымызға өте көп билет қайтарылып жатыр. Мұндай жағдайда билет кассаларында қосымша қаражат қарастырылған, белгілі бір кассаларда қолма-қол ақша жеткіліксіздігін қоспағанда, қаражат жолаушыларға дереу қайтарылуда. Мұндай жағдайларда, билеттің күші жойылады және жолаушы кез келген өзіне ыңғайлы уақытта ақшасын алып кете алады. Билет кассаларындағы ауқымды жүктеме үшін жолаушыларымыздан жағдайда билет қайтару процесінде түсіністік пен шыдамдылық танытуын сұраймыз» делінген хабарламада.