Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Ресейге баратын автобус бағыттары тоқтатылды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр облыс орталығындағы теміржол вокзалында өзгерістер де орын алды. 

Ресейге баратын автобус бағыттары тоқтатылды

Облыстық әкімдік жергілікті тасымалдаушы компаниялармен келісімшарт жасасып, әр бағыт бойынша ресми тасымалдаушыларды анықтады. Сондықтан, жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар қай сапаржайдан, қай уақытта, күніне неше рет шығатынын өздері таңдайды. Мысалы, бірнеше бағытта автобус бағыттарын ашқан жаңа тасымалдаушылар пайда болды. Яғни, бірнеше бағыттағы жолаушылар автобустары бұрынғыдай автовокзалдан емес, теміржол вокзалынан да жөнелтіледі. Мақсат-жолаушылар тасымалы саласындағы бәсекелестікті арттыру, қызмет сапасын жақсарту.

Бұған дейін  «Автовокзалсервис» ЖШС-нан бұған дейін Омбыға күніне 4 рет, Новосібір мен Славгородқа 2 рет, Кемерге 1 рет автобус жүретін. Қазір короновирустың таралмауы үшін Омбы, Новосібір, Кемер, Барнаул, Екатеринбург, Славгородқа баратын маршруттар тоқтатылған. Жолаушылардың алдын-ала сатып алынған билеттері қайтарылды. Кәсіпорын ұжымын сақтап қалу үшін жұмыскерлердің жұмыс уақытын қысқартып, кейбірі ақысыз демалысқа жіберілуде. 

Ал, кәсіпорын басшысы Евгений Пилипенко ұжымды сақтап қалу үшін мемлекет тарапынан дотация немесе салықтық жеңілдік беруді сұрайды. Жалпы былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда жолаушылар тасымалының небары 35-40 пайызы ғана сақталмақ.

 

 

ПАВЛОДАР