Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Қызылорда: «Допинг» шарасы барысында 28 құқық бұзушылық анықталды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың 10-13 наурызы аралығында облыс көлемінде «Допинг» арнайы операциясының  бірінші  кезеңі  өткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда: «Допинг» шарасы барысында 28 құқық бұзушылық анықталды

Есірткінің заңды айналымын анықтауға бағытталған шара барысында департаменттің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жүргізді. Оның барысында 3 күнде 28 құқық бұзушылық анықталды.

«Допинг» шеңберінде облыс аумағында орналасқан 7 дәріхана тексеріліп, 22 дана таблетка тәркіленді.