Елімізде 13-ші наурыздан бастап Коронавирустық пандемияға байланысты қоғамдық көліктерді залалсыздандыру туралы бұйрық шыққан болатын.
Қала ішіндегі жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус парктері залалсыздандыру үшін қажетті дәрілерді сатып алған. Салондар әр рейстен кейін дезинфекцияланады: тұтқалар, орындықтар, шынтақ тіреуіштер, терезе жақтаулары мен есіктер тазаланады.
Ал, трамвай басқармасының мәлімдеуінше, залалсыздандыру үшін хлор ерітіндісі пайдаланылады. Ерітінді басқарманың медициналық кабинетінде дайындалып, кейін қызметкерлерге қолғап, бетперде, шүберектермен бірге таратылады.
Вагондар тазаланып, залалсыздандырылады. Күн сайын трамвай басқармасы кондукторлар мен жүргізушілерге қолғаптар, бетперделер, бүріккіштер мен шүберектер береді.
Трамвай басқармасы бағыттар кестесін, қозғалыс аралығын қысқартпайды. Экипаждар үш ауысымда жұмыс істеуде.
Қозғалыс көбейген уақытта 67 вагон жолға шығады. Күніне 40 мыңнан астам адам трамваймен жүреді.
ПАВЛОДАР
Суретті түсірген: Ольга Бугаева