23 Тамыз, 2013

Ауылдағы қымызхана

485 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жақында жолымыз түсіп Байғанин ауданындағы Жарлы ауылына бара қалдық. Осы ауылда тұратын «Қостемір» шаруа қожалығының басшысы Сабытай Жексанбаевпен облыс орталығында өтетін ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде жиі ұшырасатынбыз. Жолдасы Қаламқас Жолмұханқызы екеуі үстеріне ақшаңқан халаттарын киіп алып, қымыз, тары-талқын, құрт-майын тұтынушыларға ұсынып тұрғанын талай көргенбіз. Ауылда қымызхана ашып отырғанынан да хабардар едік. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, ұлттық сусынымыз қымызды өндіріп, ауылдастарының сусынын қандырып, шөлін басып отырған шаруа адамдарының хал-жағдайын білмекке ауыл ортасындағы шағын қымызханаға бұрылдық. Шағын демесеңіз, қымызхана іші ұядай жинақы. Мұнда келушілер үшін төрт-бес үстел қойылған. Шама-шарықтарынша қымызхана ішін тартымды етіп безендірген.

– Менің негізгі маман­дығым инженер-механик. Ұзақ жылдар «Байғанин» кең­шарында мамандығым бойынша еңбек еттім. Сонау шаруашылықтар тарап, әр­кім өз күнін өзі көруге ба­ғыт ұстаған 1993 жылы осы «Қостемір» шаруа қожа­лы­ғын ашып, өз бетімше жұмыс істеуге кірісіп кеттім. Бастапқыда мал саны көп бола қойған жоқ. Мал өсірдік, шөп дайындадық. Артылғанын саттық дегендей, шаруа жүргізуге талаптандық. Шүкір, жеңгең екеуміздің бауырымыздан тараған төрт ұл, төрт қыз бар. Соларды жеткізу керек болды. Қазір барлығы да есейіп ержетті. Ал, қымыз өндіруді 1995 жылдан бастадық. Бастапқыда жеңсік сусын көрді ме, қымызханаға келушілер көп болды. Тапсырыс беріп алушылар да болды. Қазір жас­тар қымыздан гөрі сыраға үйірсек болып кетті ме, қымыз ішушілер сиреді. Бұған қарап жатқанымыз жоқ. Жыл сайын байланатын биелер санын көбейтіп келеміз, – дейді Сабытай Жексенбаев.

Алғашқы жылдары жүген-құрық тимеген асау биелерді тұсаулап саууға тура келіпті. Қазір «Қостемір» шаруа қо­жалығында жиырмадан астам бие сауылады екен. Ай сайын 1 тонна қымыз өндірілетін көрінеді. 1,5 және 0,5 литрлік пластик ыдыстарға құйылған қымызды облыс орталығындағы «Анвар» супермаркетінің сауда орындарында өткізуге келісім-шарт жасалған. Артылғанын Ақтөбе, Атырау қалаларына өткізеді. Осы шаруалардың негізгі дем берушісі Сабытай ақсақал болғанымен, жаз жайлаудағы, қыс қыстаудағы малдың бағым-күтімі, малды ауылдағы шаруаны үйлестіру, ұйымдастыру ұлы Еркін Жексенбаевтың, ал бие сауу келіні Айгүл Харесованың мойнында. Шаруа қожалығы ауылдың үш-төрт жігітіне жұмыс тауып беріп отыр.

Жайлаудан жеткізілген бие сүті ауылдағы қымыз­хана­да ашытылады. Ол үшін қарапайым қондырғы да жасап алған. Қымыз пісіп жетілген соң 0,5 және 1,5 литрлік пластик ыдыстырға құйылады. Мұнда өндірілген қымыз облыс орталығындағы құзырлы мекемеден тексеруден өткізілген, сапа сертификаты бар. Пластик ыдыс­тарға жапсырылған сауда қағазында қымыздың қашан, қай­да өндірілгені, сақтау мерзімі туралы толық мәлімет бар.

Шаруа қожалығында 100-ге жуық қой, 60-тан астам ірі қара, 40-қа жуық жылқы бар. Мұнда мал тұқымын асылдандыруға бағыт ұстап отыр. Жылқы шаруашылығын дамытуға 3 миллион теңге несие алып, Мұғалжар және Көшім асыл тұқымды айғырларын сатып алу шаруаларын тиянақтап қалды. Жақын уақыттарда сауылатын бие санын 25 басқа жеткізіп, өндірілген қымызға берілетін субсидия алудан да дәмелі.

Шаруа қожалығы жылқы­дан басқа қой және ірі қара өсірумен айналысады. 2011 жылы екі асыл тұқымды бұқа сатып алды. Алдағы жылы осы асыл тұқымды бұқалармен ұрықтандырылған қашарлар­дың бұзаулары табынға қосылатын болады.

– Жалпы мал өсіремін деген адамға Үкімет қалтқысыз қарасуда. Ірі қара тұқымын асылдандыру, қымыз өндіруге, малдың жем-шөбіне субсидия берілуде. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша инфрақұрылым