Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Шығыс Қазақстан тұрғынын қар басып қалды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқыс оқиға Алтай ауданы Чапаев ауылында 17 наурыз күні орын алған.

Шығыс Қазақстан тұрғынын қар басып қалды

Оқыс оқиға Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Чапаев ауылында 17 наурыз күні орын алған. «1962 жылы туған үй иесіне бір қабатты тұрғын үйдің шатырынан қар түсіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Осыған байланысты ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға шатырлардағы, сондай-ақ аула аумақтарындағы қарды уақытылы тазалауды ұсынады» делінген аталған комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар