Санитарлық бекеттерде өңірге келген азаматтардың барлығы коронавирустық инфекция белгілері бойынша тексерістен өткізіледі. Бекеттерде тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мамандары тәулік бойы кезекшілік етеді.
Еске салсақ, облыстың барлық автопарктері күшейтілген санитарлық бақылау режиміне көшірілген болатын. Аталған ережеге сай, жолаушылар автобустарының және маршруттық таксилердің барлығының салондары әрбір рейс басталар алдында және аяқталғаннан кейін дезинфекциялық ерітінділермен өңделіп, тазартылады.
Жүргізушілер мен кондукторларды ауысым басталар алдында дәрігерлер тексереді.
COVID-19 коронавирусының алдын алу мәселелері бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінде (8-7212) 50-76-46 нөмірі бойынша жедел желі ашылған.
Қарағанды облысы