Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Шымкенттегі білім беру мекемелері қалай жұмыс істеуде?

795 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі мекеме тарапынан төтенше жағдайға байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен  бөлісті. 

Шымкенттегі білім беру мекемелері қалай жұмыс істеуде?

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты барлық білім беру ұйымдары пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын күшейту туралы білім басқармасының 2020 жылғы №143 бұйрығы шығарылып, қатаң бақылауға алынды, жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі таңда аталған бұйрыққа сәйкес мектепке дейінгі мекемелер штаттық режимде жұмыс жасауда. Сонымен қатар, балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің тілегі бойынша еркін бару режимі қаралған және балалар болмаған жағдайда да мектепке дейінгі ұйымдарда бала орнының сақталуы қамтамасыз етілген.

Шымкент қаласында мектепке дейінгі 521 ұйым жұмыс істейді. Онда 64 563 балалар тәрбиеленуде.

17 наурыз күні жалпы 20 342 бала (31,5 пайыз) мектепке дейінгі ұйымдарға келді (келмегені - 44 218 бала). Оның ішінде 79 мемлекеттік балабақшаға – 3115 бала, 439 жекеменшік балабақшаға 17227 бала келді.

Мектептер бойынша

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мектеп оқушылары 2020 жылдың 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін көктемгі каникулға жіберілді. Көктемгі демалыс уақытында педагогтерге шеттетілген режимде (білім беру ұйымынан тыс) жұмыс істеу жүзеге асырылуда.

Мектеп педагогтары бойынша

Оқушылардың көктемгі каникул кезеңіндегі педагог қызметкерлердің айлық жалақысы ҚР Үкіметінің «Азамат қызметшілерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде (қосымша ақы есебімен) белгіленген айлық жалақы есебінен жүргізіледі.

Сонымен қатар, демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар тарапынан жасалатын қылмыстық іс-әркеттің алдын алу бойынша арнайы іс қимыл алгоритмі дайындалып бекітіліп, білім ұйымдарының бірінші басшыларына таныстырылды. Демалыс кезінде оқушылар уақытын тиімді пайдану мақсатында танымдық бағдарламалар жасалды.

Білім беру, оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдары, оның ішінде интернаттарда, жатақханаларда санитариялық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шараларын күшейту бойынша шаралар қабылданды.

ЖОО мен колледждер

2020 жылғы 16 наурыздан бастап ЖОО мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарында оқу процесін іске асыруға мүмкіндік беретін қашықтан білім беру технологияларымен оқыту қамтамасыз етілді. Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар таратылып берілді.

ЖОО

Шымкент қаласындағы 10 ЖОО-да (3 мемлекеттік – 35 913, 7 жекеменшік - 70 810) 106 723 студент оқиды. Барлық ЖОО студенттеріне қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған.

Барлық ЖОО-да «Платонус», «Прометей», «Универ». «ИИС ВУЗ», «Мудл» және т.б. платформалар орнатылған.

КОЛЛЕДЖДЕР

Шымкент қаласындағы 30 колледжде (11 мемлекеттік – 12 422, 19 жекеменшік- 12 826) 25 248 студент оқиды.

24 колледжде (11 мемлекеттік, 13 жекеменшік) College SmartNation, Портал, Платонус платформалар орнатылған.

Қалған 6 жекеменшік колледжде (Асылой, Аймақаралық гуманитарлық-техникалық, ОҚ медицина, Азимед, Шымкент көпсалалы, Жалын) College SmartNation платформасы бүгін 20:00-ге дейін орнатылады.

Қазіргі таңда College SmartNation ақпараттық жүйесін авторизациялау мақсатында мәліметтерді импорттау процесі жүріп жатыр. Бұған қоса 2 жекеменшік колледждің (Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледж, Оңтүстік Қазақстан медицина колледжі) Интернет жылдамдығы 30 мб/с-дан төмен. Колледж әкімшілігі тарапынан «Қазақтелеком» АҚ-на хаттар жолданған, бүгін 20:00-ге дейін шешілетін болады.

Қазіргі таңда 35 студент кәсіптік және дипломалды практикада.

Қазақстан Ресубликасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 12 наурыздағы отырысының хаттамасына сәйкес уақытша шектеулер кезеңінде білім беру мекеме қызметкерлерінің үш тобы бойынша жұмыс атқарады.

I топ – жұмыс орнында міндетті түрде қатыса отырып, ұйымның жұмысын қамтамасыз етумен айналысатын;

II топ – еңбек функцияларын қашықтықтан режимде орындайтын;

III топ – жұмыс берушілердің тиісті актілерін қабылдай отырып, ақылы демалыс немесе ақысыз демалыста.

Карантиндік іс-шаралар кезінде қашықтықтан жұмыс немесе ақылы демалыс нысанына көшу кезінде жалақы төлеуді қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, карантинге немесе шектеу шараларына көшу кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бар ұйымдарға (балабақшалар, ЖОО, мектептер) штат режиміне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етіледі.

Шымкент