Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Алматыда адамдар көп шоғырланған жерлер дезинфекцияланады

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиевтың қатысуымен жолдарды жуу мен аялдама кешендерін өңдеуге байланысты онлайн-баспасөз конференциясы аяқталды.

Алматыда адамдар көп шоғырланған жерлер дезинфекцияланады

Диас Ахметқалиевтың айтуынша, балаларға арналған ойын, спорт алаңдарына және басқа да адамдар көп шоғырланған жерлерге дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге қоқыс шығаратын ұйымдар да күнделікті кестеге сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарады. Қаладағы контейнерлік алаң мен контейнерлерге дезинфекция жұмыстары күшейтілген түрде жүргізіледі.

- Құрметті қала тұрғындары, сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін барлық пайдаланған медициналық қалдықтарды әрі қарай залалсыздандыру мақсатында бөлек пакеттерге жинап, шығаруларыңызды сұраймыз, – деді Д.Ахметқалиев.

Бұл ретте барлық қызметкерлер маска, көзілдірік, арнайы қолғаптармен қамтамасыз етілген. Қаладағы барлық автобус антисептиктермен жабдықталған. Жолдар мен тротуарлар күніне екі рет, таңертең және кешке жуылады.