- Әуе желілері мен темір жол қатынастарына келер болсақ, қала мен елден тыс жерлерде жүрген барлық алматылықтарға 72 сағаттың ішінде қалаға кіруге рұқсат беріледі. Бұл ереже біздің Алматының тұрғындары мен осы қаладан кеткісі келетін шетел азаматтарына да қатысты, - деді Е. Қожағапанов.
Сондай-ақ әкім орынбасары жүріс-тұрыс жоспарына сай тұрғындарды ертерек қамдануға шақырды.
- 22 наурыз күні сағат 00.00-де барлық блок-бекеттер жабылады. Қала тұрғындары мен оның қонақтарына кептеліс пен кезекті болдырмау үшін бұл логистикалық іс-шараға көндігіп, қазірден бастап қолға ала берулерін сұраймыз, - деді ол.