23 Тамыз, 2013

Ықпалдастық жолдарын іздеу

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған қазақстандық делегация іскерлік сапармен Дубай (БАӘ ) әмірлігінде болып қайтты. Онда «Jebel Ali Free Zone» (JAFZA) еркін экономикалық аймағының қызметімен танысып, сонымен қатар «DP World» компаниясының басшысы Мұхаммед Шарафпен аталмыш компанияны Ақтау теңіз портын басқаруға тарту және оны «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағымен (АЭА) интеграциялауға қатысты келіссөздер жүргізді.

Келіссөздерде мәлім етілгендей, «DP World» жұмысының негіз қалаушы қағидаттарын пайдалану Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесінің дамуына және транзиттік әлеуетінің кеңеюіне қуатты серпін беріп, сондай-ақ Қазақстан Респуб­ликасының теңіз терминалдарына, логистикалық орталықтарына және темір жолдарына инвестициялау мүмкіндіктерін зерделеу үдерісіне бастау болмақ.

Айта кететін жай, қазіргі уақытта DP World басқаруында Қытай, Үндістан, Германия, Канада сияқты және т.б. 31 елде 65 портты терминалдар бар. Компания Бразилия, Түркия, Франция және басқа да елдерде порттарды басқаруды жоспарлап отыр. Компания 55 миллионнан астам TEU контейнерлерін өңдеуді жүзеге асырады, жылына 61 000-нан астам кемелерді қабылдайды. Компания теңіз терминалдарының әлемдік желісіндегі ISO 28000 қауіпсіздік куәлігін алған бірінші оператор болып табылады және басқа да барлық әлемдік операторлармен салыстырғанда едәуір дамыған қатынастар жүйесіне ие.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар