Коронавирус • 18 Наурыз, 2020

«Egemen Qazaqstan» ұжымы коронавирусқа қарсы күреске бір күндік жалақысын аударды

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Egemen Qazaqstan» газетінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы күреске бір күндік жалақысын аударды.

«Egemen Qazaqstan» ұжымы коронавирусқа қарсы күреске бір күндік жалақысын аударды

Адамзатты алаңдатып отырған дауасыз дертті анықтап, індетпен күрестің алғы шебінде жүрген дәрігерлер қауымына қолдау көрсетуге шақырған бастамаға «Egemen Qazaqstan» газеті де қосылып отыр. Редакция ұжымы бір күндік еңбекақысын арнайы қорға аударып, ақ халатты абзал жандарға қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ бүгін Елбасының тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағытталды. Сонымен қатар Тұңғыш Президент Кеңсесінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы күреске бір күндік жалақысын аударды.

Осыған дейін Halyk Bank және BI Group компаниялары коронавируспен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге 100 млн теңгеден бөлетінін мәлімдеген еді.