Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Мектеп түлектері ауылды қуанышқа бөледі

794 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кезінде ауылдағы орта мектепті бітірген түлектер қазір әр салада еңбек етіп, қызмет атқаруда. Туған ауылдарын, білім алған мектептерін ұмытпай, қолдау көрсетуде. Мақсат – ауыл шырайын келтіріп тұрған шағын мектептің жабылмауына үлес қосу.

Мектеп түлектері ауылды қуанышқа бөледі

Әр жылдары оқыған тү­лектер бірлесіп, оқушыларға қажетті жаңа заманға сай жаб­­дықтар, құрылғылар алып бе­руде. Жуырда өздері оқы­ған мектепке жаңа моди­фи­ка­циялық үлгідегі «Teacher office» кабинетін сыйға тартты.

– Қазір мұғалімдер жаңа модификациялық кабинет жаб­дықтарымен танысып, жұ­мыс істеу әдістемесін мең­геруде, оны сабақ жоспарла­рына сай құрап, зерттеу жұ­мыс­тарын өткізуде. Әрбір мұ­ғалім коммуникация мен ақп­а­раттың заманауи желілік технологияларын меңгеруі тиіс, – дейді мектеп директоры Анар Жетібаева.

Әрине бұл шалғайдағы ауыл мұғалімдері үшін қуа­ныш. Бұл күндері Малайсары батыр атындағы ауыл мек­тебінде 113 оқушы оқиды. Ал ауыл­дағы шағын мектеп­ке ерекше кабинетті Қар­шы­ға Қасенов, Тимур Жаңа­таев, Жанарбек Тө­леуов, Ер­кін Әділбаев, Ар­дақ Жақ­сым­беко­в, Берік Әбдіра­манов, Қа­йыр­келді Шакар­ғалиев және басқа да түлектер бірлесіп сыйға тартты.

Бұған дейін де мектеп тү­лек­тері информатика, шах­мат, то­ғызқұмалақ, дом­­быра ка­би­неттерінің ашылуына үлес қосыпты. Оқу­шылар сабақтан соңғы бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі үйірмелерге қатысады. Мысалы, ауылға келген жас музыка маманы Гүлнәз Болатханқызы жүр­гізетін «Домбыра-дас­тан» үйір­месі, Мырзабек Жа­ба­ғин­нің жетекшілігімен өтетін «Шахмат», «Жас информатик» үйірмелері бар.

– Біздің әр оқушы белсенді. Интеллектуалдық ойлары жақсы. Мұғалімнің міндеті – мәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Ауыл мектебі оқушыларының қабілеттерін жан-жақты дамытып, шы­ғар­машылығын ұштай білу үшін мұғалім өзі шығармашыл болуы тиіс, – дейді Анар Жеті­баева.

Ал бір кездері өздері оқы­ған мектептеріне демеу­шілік көмек көрсетіп жүрген ауылдарын ұмытпаған түлектерге тұрғындар риза. Ауылда оқып ержеткен Бекен Жұмабеков, Серік Шахажанов, Манарбек Абдрахманов, Нұржан Ома­ров, Қуаныш Сарсекеев сияқ­ты қазір кәсіпорындар бас­қарып, жоғары қызмет ат­­қа­­ратын түлектерімен ауыл хал­­қы мақтанады.

Алдағы уақытта мектеп түлектері бірлесіп, Малайсары батырдың 320 жылдығына орай ауылда ескерткіш-бюст орнатпақ.

 

Павлодар облысы,

Май ауданы,

Малайсары ауылы