23 Тамыз, 2013

Ақпараттар ағыны

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

*Ауыл тұрғындарының қа­­зір­гі басты мақсаты – ас­тық­ты дер кезінде жинап алып сақтау. Ке­ше Шығыс Қазақ­стан облысының әкімі Бердібек Са­парбаев Шемонайха ау­данында шаруа қожалықтары мен ауыл­ша­руашылық құрылымдары жетек­шілеріне осындай міндет жүктеді.

*Ауыл тұрғындарының қа­­зір­гі басты мақсаты – ас­тық­ты дер кезінде жинап алып сақтау. Ке­ше Шығыс Қазақ­стан облысының әкімі Бердібек Са­парбаев Шемонайха ау­данында шаруа қожалықтары мен ауыл­ша­руашылық құрылымдары жетек­шілеріне осындай міндет жүктеді.

* 2015 жылы бастауыш сынып оқушылары аптасына бес күн оқу тәртібіне көшеді. Бұл жөнінде кеше Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім акаде­мия­сының вице-президенті Әділхан Дүйсебек мәлім етті. Осы арқылы 12 жылдық білім беру жүйесі де сөреден шығады.

*Астанада 2800 орындық 12 ба­ла­бақшаның құрылысы бас­талды. Ал «Балапан» бағ­дар­ламасы шең­берінде биыл 2600 орындық 6 мем­лекеттік, 8 жеке­мен­шік бала­бақша, 2 шағын орталық ашылды.

*Павлодар облысында 33 спорт алаңы салынады. Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Марат Айдашев бұл үшін об­лыстық бюджеттен 150 млн. теңге көлемінде мақсатты трансферт бөлінгенін айтып отыр.

* Ақтауда өткен «Шын жү­ректен» акциясының аясында 150 отбасыға көмек көрсетілді. Көмекке мұқтаж адамдардың жартысынан астамы азық-түліктің 12 түрінен құралған қоржындар алып, қалғандары мектепке қажетті сөмкелер, канцелярия өнімдері, альбомдар, дәптерлер секілді бұйымдарға ие болды.

* Қызылорда облысында биыл бірінші сыныпқа баратын егіз балаларға сыйлық тапсыру рәсімі өтті. «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылған шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев көпбалалы және тұрмыстары төмен отбасыларынан шыққан 40 бүлдіршінге портфельдер мен мектеп жабдықтарын сатып алатын сертификаттар ұсынды.

* Шымкентте жастарға кеңес беру орталығы қатарға қосылды. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жас­тар қанатының оңтүстіктегі фи­лиа­лының бас­тамасымен ашыл­ған мекен жастардың құқықтық сау­ат­тылығын арттыруды көздейді.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.