Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Жан-жақты әзірлік маңызды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдегі медицина және бас­­қа да жауапты сала қызмет өкілдерімен кездесіп, ко­ро­­навирус инфекциясына қарсы дайындық шараларының мә­се­лесін талқылады. Өңірде 544 дәрігер төтенше ви­рус­­­тың алдын алу, диагностика және емдеу бойынша оқу курс­тарынан өткен.

Жан-жақты әзірлік маңызды

Инфекция анықталған жағ­­­дайда пайдаланылатын 945 төсек-орын дайын. Қо­сымша 480 төсек-орын ко­ро­на­вируспен ауыру мен өлім-жітім деңгейі жоғары елдер­ден келген адамдарға арналған карантиндік орта­лық үшін қарастырылған.

– Аудан орта­лық­тарын­да­ғы барлық төсектер жиылып, Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында орналасады. Яғни егер ауылдарда немесе шекара маңында адамдар ин­фекция күдігіне іліксе, осы қалалардың біріне жет­кіз­іледі, – деді облыс әкімнің орынбасары Асхат Оралов.

Өңірдегі барлық меди­ци­налық қызметкерлер жеке қорғану құралдарымен және медициналық препараттар­мен толық қамтамасыз етілген. Мамандардың айтуынша, COVID-19 вирусы тіркелген жағдайдағы іс-әрекет барысы дайын. Қажетті бетперде санын арттыру мақсатында «Мерусар» ЖШС және басқа да тігін ісімен айналысатын желілерімен келісімшарттарға отыру жос­парлануда.

Аймақтық жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Облыс тұрғындары мен қо­нақ­тары
67-52-08 нөміріне және 103 жедел жәрдем стансасы желісіне, 1406 ортақ республикалық нөміріне хабарласа алады.

 

ПАВЛОДАР