19 Наурыз, 2020

Қос қаладағы балабақшалар жабылды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бәріміз білетіндей, бүгін, яғни 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап елорда мен Алматыда карантин жарияланды. Соған сәйкес, бұған дейін штаттық режимде жұмыс істеген қос қаладағы мектепке дейінгі ұйымдар енді жұмысын уақытша тоқтатты. 

Қос қаладағы балабақшалар жабылды

Бұл туралы Төтенше жағдай бойынша мемлекеттік комиссияның мүшесі, мәжілісмен Владимир Божко өзінің фейсбук парақшасында жазды. Оның мәлімдеуінше, аталған шешім мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға бірдей қатысты. 

Естеріңізге сала кетейік, короновирустық инфекцияның алдын алу мақсатында енгізілген еліміздегі төтенше кезінде балабақшалар штаттық режимде жұмыс істеді, яғни балалардың балабақшаға бару-бармауын ата-аналар шешті. Айталық, төтенше жағдай жарияланғаннан карантин енгізілгенге дейін бас қаладағы балабардың небәрі 21 пайызы балабақшаға ата-аналарының қалауымен қатынаған.