Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Абай музейі онлайн сабақ өткізді

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында енгізілген төтенше жағдайға орай халық көп жиналатын  фитнес-орталықтар, кинотеатрлар мен музейлер, басқа да көңіл көтеретін мәдени орындардағы шаралар онлайн түрінде өтетін болды. Абайдың қорық-мұражайы өкілдері республикада бірінші болып онлайн-лекция, 3D саяхаттар өткізуді қолға алды. Бұл жайында музейдің ресми сайтында жарияланды деп хабарлады Семей ақпараттық орталығы.

Абай музейі онлайн сабақ өткізді

Абайтану кабинеті мен ақын музейінің арасындағы шығармашылық байланысты дамыту мақсатында Абай ауданының мектеп-лицейі бейнесабақ ұйымдастырды. Танымдық сабақ аясында музей директоры Жандос Әубәкір оқушыларға хакімнің өмірі, әдеби мұрасы, ақындық айналасы туралы баяндап, балаларды музейдің құнды жәдігерлерімен таныстырды.  Осындай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Бүгінгі күні  онлайн-экскурсиялар  өткізу тәжірибесі АҚШ пен Еуропаның ірі музейлерінде өткізіледі. Онда лекциялар ұйымдастырылып, ойындар, 3D саяхаттар интернет ресурстары арқылы ұйымдастырылады.

 

СЕМЕЙ