Әлем • 19 Наурыз, 2020

EЭК коронавирусқа байланысты еуразиялық бизнеске қолдау көрсетеді

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Еуразиялық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) аймақтағы бизнес өкілдеріне коронавирус пандемиясының жағымсыз салдарын жоюға көмектесетін бірқатар шараларды ұсынды», деп хабарлады комиссия.  

EЭК коронавирусқа байланысты еуразиялық бизнеске қолдау көрсетеді

«Іскерлік диалог алаңында ЕЭК Сауда бойынша Алқа мүшесі (Министр) А.А. Слепнев мырзаға, Одақтың бес елінің бизнес және бизнес қауымдастықтарының өкілдеріне COVID-19 коронавирустық инфекциясы салдарынан болған теріс сауда-экономикалық салдарын өтеу бойынша шаралар ұсынылды»,  делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ЕЭК мүше елдердің  тауарлардың шикізаттық емес экспортының және тұтастай алғанда сауданың өсуіне ерекше жағдай жасау жоспарлануда.

«Бұл үшін комиссия мен одаққа мүше мемлекеттер, бірінші кезекте, еркін сауда аймақтарын құру бойынша үшінші елдермен келіссөздерді жалғастыруға, сондай-ақ сауданы цифрландыруды жеделдетуге және экспортты жеткізуге логистикалық шығындарды азайту бойынша жұмыстарды жүргізуге ниетті», деп түсіндіреді комиссия.

Сонымен қатар, медициналық мақсаттағы бұйымдарға импортталатын баждарды нөлге келтіру туралы мәселе көтерілді - бұл шараларды дүйсенбіде ЕЭК кеңесі мақұлдады.

Хабарламаға сәйкес нақты өнімдердің тізімі бойынша жұмыстар қазір аяқталуда. Мұнда медициналық мақсаттағы бұйымдар, дезинфекциялық құралдар, маскалар, қолғаптар, вакциналар мен диагностикалық жинақтар, диагностикалық және зертханалық реагенттер, импульстік оксиметрлер және басқа жабдықтар өндірісі үшін қолданылатын тауарлар мен компоненттер кіреді.

ЕЭК Сауда министрі Андрей Слепнев атап өткендей, оның сөздері баспасөз қызметінде келтірілген, кедендік қорғауды дәлме-дәл төмендету үшін барлық шаралар тексеріліп, бақылауда болуы керек.