Галина бала кезінен өлең жазады, Ертіс өзені жағалауы, туған ауыл, өскен орта, жастық өмірі поэзия әлеміне жетелейді.
Ал, жерлестері осы бір әсем көріністерді суреттеген замандастарын шақырып, Барлыбай ауылында Галина Михнованың «Нежные струны души» атты өлеңдер жинағының тұсаукесерін өткізді.
Галина 26 жыл бойына стансада машинист болып еңбек етуде. Қолы бос кезінде бала кездегі әдетімен өлең жазады.
Бір күні жазған өлеңдерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жібереді.
Екібастұздық Галинаның өлеңдерін оқыған Елбасы өз қолымен жазылған Алғыс хат жіберді.
-Әрине, бұл мен үшін күтпеген қуанышты жағдай болды. Елбасы жазған хат «Нежные струны души» кітабын шығаруға шабыт берді,-дейді автор.
Ал, «Нежные струны души» өлеңдер жинағына МАЭС-2 стансасының басшылығы демеуші болып, кітап 133 данамен шығарылды.
Жинаққа Галина Михнованың 100 өлеңі енген. Сондай-ақ, еліміздің Ұлттық академиялық кітапханасына, Тұңғыш Президент қорына, музейлерге жіберілген.
Павлодар облысы