Қоғам • 20 Наурыз, 2020

Білім беру сайттарын қолдануға мегабайт алынбайды

1338 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, Цифрлық даму вице-министрі Дарын Тұяқов, сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Astel» АҚ сияқты байланыс операторларының басшылары Ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қойды. Енді еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қазақстандықтарға білім беру интернет-ресурстарына тегін кіруге мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Білім беру сайттарын қолдануға мегабайт алынбайды

"Жақын арада аталған байланыс операторлары колледждер мен ЖОО-ға қашықтан оқыту кезінде пайдаланылатын білім беру ресурстарына тегін кіруге мүмкіндік беретін тарифтік жоспарлар әзірлейді (қазіргі қолданыстағы талаптар өзгертіледі).

Яғни, бұл сайттарды пайдаланған кезде абоненттердің интернет-трафиктері (мегабайттары) есептелмейді. Төтенше жағдайды жариялау кезеңінде білім беру мекемелері (ЖОО мен колледждер) қашықтан оқытуға көшуіне байланысты бұл шараның маңызы зор" делінген баспасөз баяндамасында.

Белгілі болғандай, қазақстандықтар төменде көрсетілген, яғни Білім және ғылым министрлігі ұсынған білім беру ресурстарына еркін кіре алады. Бұл ресурстарға кіру үшін пайдаланушының шотында баланс болуы керек. Білім беру ресурстарына тегін қол жеткізу туралы ақпарат байланыс операторларының сайттарында орналастырылады.

Төтенше жаңдай кезеңінде тегін пайдалануға ұсынылған білім беру интернет-ресурстары мынадай:

  1. АИС «SOVA.WS» - http://sova.ws
  2. SMART community - http://smartedu.kz
  3. SMARTNATION - http://snation.kz
  4. College.Snation http://college.snation.kz
  5. BilimLand https://bilimland.kz/ruАИС
  6. Білімал http://college.bilimal.kz/
  7. Paragraph Bilim - http://base.blm.kz
  8. Kundelik.kz - https://portal.kundelik.kz/
  9. АИС «Platonus» - http://platonus.kz
  10. BilimAl.kz https://www.bilimal.kz/
  11. DALES - http://college.ektu.kz
  12. Mektep.edu.kz - https://mektep.edu.kz
  13. I-mektep.kz - https://i-mektep.kz/
  14. Daryn.Online https://daryn.online/
  15. АИС "CollegeSmart Nation -https://college.snation.kz/
  16. АИС Сириус http://somniumllp.com/project-sirius/
  17. АИС Универ https://univer.kstu.kz/
  18. ИС Деканат https://www.mmis.ru
  19. ИС ПГУ http://psu.kz/
  20. Электронный ректорат http://nkzu.kz
  21. EUniver http://euniver.vkgu.kz/
  22. ИС ВКГТУ https://www.ektu.kz/
  23. МУИТ https://www.iitu.kz/
  24. Uninet http://uninet.kz/

Ведомствоның баспасөз қызметі тізімдегі интернет-ресурстардың қатары болашақта толыға түсетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар