Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жолаушыларға арналған теміржол рейстеріне қатысты ақпарат

276 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылғы 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы теміржол желілері бойынша қатынайтын 63 жолаушылар пойызының 44-і (Нұр-Сұлтан бойынша – 22, Алматы бойынша – 22 пойыз) тоқтатылады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жолаушыларға арналған теміржол рейстеріне қатысты ақпарат

8 транзиттік пойыз қатынай береді, бірақ енді олар Нұр-Сұлтан және Алматы стансаларына тоқтамайды. 

11 пойыз бойынша бағыттары жақын маңдағы стансаға дейін қысқартылады. Мысалы, Маңғыстау-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Маңғыстау-Атбасар стансасына дейін қысқартылады.     

2020 жылғы 22 наураздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы стансаларындағы теміржол вокзалдары барлық бағыттар бойынша жолаушылар үшін кетуге және келуге жабық болады.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның әрі қарай таралуына жол бермеу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жолаушыларға сауалнама жүргізу енгізілді.

Төтенше жағдайды ескере отырып, теміржол көлігімен жол жүруден бас тартқан жолаушыларға хабарласқан күніне қарамастан билет құны толық көлемде қайтарылады. 

 

Пойыздар тізімі

Стандартты Тальго             Қаламаңайы

1

№10/9 Нұр-Сұлтан-Алматы

1

№3/4 Нұр-Сұлтан-Алматы

1

№7502/7501 Нұр-Сұлтан-Павлодар

2

№53/54 Нұр-Сұлтан-Достық

2

№67/68 Нұр-Сұлтан-Өскемен

2

№7510/7509 Нұр-Сұлтан-Павлодар

3

№39/40 Нұр-Сұлтан-Челябинск

3

№91/92 Нұр-Сұлтан-Қызылорда

3

№7507/7508 Нұр-Сұлтан-Көкшетау

4

№6829/6830 Ерейментау-Көкшетау

4

№353/354 Нұр-Сұлтан-Семей

4

№95/96 Нұр-Сұлтан-Орал

5

№6803/6804 Нұр-Сұлтан-Атбасар

5

№603/604 Нұр-Сұлтан-Арқалық

5

№1/2 Алматы-Ташкент

6

№7553/7556 Қарағанды-Нұр-Сұлтан

6

№623/627 Нұр-Сұлтан-Петропавл-Қызыл-Ту

6

№11/12 Алматы-Шымкент

7

№6932/6931 Алматы-Сарыөзек

7

№655/656 Нұр-Сұлтан-Айсары

7

№ 25/26 Алматы-Шымкент

8

№6934/6933 Сарыөзек-Ақтоғай

8

№673/674 Павлодар-Нұр-Сұлтан

8

№29/30 Алматы-Атырау

9

№6985/6986 Алматы-Алтынкөл

9

№7/8 Алматы-Саратов

9

№31/32 Алматы-Павлодар

10

№6996/6995 Көкшетау-Қызыл-Ту

10

№13/14 Алматы-Достық

10

№51/52 Алматы-Орал

11

№6892/6891 Жалтыр-Жайнақ

11

№301/302 Алматы-Новосибирск

11

№69/70 Алматы-Өскемен

12

№6889/6890 Атбасар-Есіл

12

№351/352 Алматы-Өскемен

12

№71/72 Алматы-Түркістан

Жекеменшік поездар

13

№373/374 Алматы-Жезқазған

13

№701/702 Алматы-Нұр-Сұлтан

14

№379/380 Алматы-Орал

14

№705/706 Алматы-Петропавл

1

№15/16 Алматы-Петропавл

15

№393/394 Алматы-Алтынкөл

15

№712/711 Нұр-Сұлтан-Шымкент

2

№6947/6948 Алматы-Қазыбек-Бек

Қорытындысында: 44 жұп пойыз:(15-і стандарт, 15-і Тальго, 12-сі қала маңына қатынайтын, 2-і жекеменшік тасымалдаушының пойыздары).

 

             

1.№21/22 Қызылорда-Семей пойызы Алматы-1 стансасына тоқтамайды;

2.№83/84 Қарағанды-Петропавлк пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;

3.№339/340 Павлодар-Пресногорьковская пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;

4.№43/44 Қостанай-Алматы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды және бағыты Отар стансасына дейін қысқартылды;

5.№327/328 Қостанай-Қарағанды пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;

6.№56/55 Қызылорда-Көкшетау пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;

7.№76/75 Қызылорда-Петропавлов пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;

8.№118/117 Қызылорда-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары өзгертіліп, Екібастұз стансасына дейін ұзартылды.

11 пойыз бойынша бағыттары жақын маңдағы стансаға дейін қысқартылады. Мысалы, Маңғыстау – Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Маңғыстау-Атбасар стансасына дейін қысқартылады.      

1.№37/38 Маңғыстау-Нұр-Султан пойызының бағдары Атбасарстансасына дейін қысқартылды;

2.№47/48 Атырау-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Курорт-Боровоестансасына дейін қысқартылды;

3.№23/24 Ақтөбе-Алматы пойызының бағдары Шустансасына дейін қысқартылды;

4.№33/34 Ақтөбе-Алматы пойызының бағдары Шустансасына дейін қысқартылды;

5.№41/42 Атырау-Алматы пойызының бағдары Шустансасына дейін қысқартылды;

6.№77/78 Маңғыстау-Алматы пойызының бағдары Шустансасына дейін қысқартылды;

7.№86/85 Нұр-Сұлтан-Сарыағаш пойызының бағдары Қарағанды стансасына дейін қысқартылды;

8.№57/58 Орал-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Курорт-Боровое стансасына дейін қысқартылды;

9.№108/107 Жезқазған-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Қарағанды стансасына дейін қысқартылды;

10.№121/122 Нұр-Сұлтан-Семей пойызының бағдары Қарағандыстансасына дейін қысқартылды;

11.№6857/6858 Қарағанды-Нұр-Сұлтан қала маңы пройызы Аршалы стансасына дейін қысқартылды.