Қаржы • 20 Наурыз, 2020

Валюталық және толықтыруға болатын теңгелік салымдардың мөлшерлемелері төмендетілді

325 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әлемдік және ішкі нарықтардағы орын алған жағдайларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің өсуіне байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) 2020 жылдың 26 наурызынан бастап депозиттердің жекелеген түрлері бойынша мөлшерлемелердің өзгеретіндігін хабарлайды.

Валюталық және толықтыруға болатын теңгелік салымдардың мөлшерлемелері төмендетілді

ҚДКБҚ бір жыл және одан жоғары мерзімге арналған, шетел валютасындағы мерзімді және жинақ депозиттер бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелерді 1 пайызға дейін төмендетті. Осылайша қазіргі уақытта шетел валютасындағы депозиттердің барлық түрлері бойынша мөлшерлемелер бірдей деңгейде белгіленді.

Бұл шара 2020 жылғы 15 наурызда АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің негізгі мөлшерлемесінің төмендеуіне және соның ізінше әлемдік нарықтарда шетел валютасындағы табыстылықтардың төмендеп кетуіне байланысты қабылданды.Бұл өз кезегінде шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлемелерді осы депозиттерге қатысты әлемдік мөлшерлемелермен теңдестіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қор толықтыру құқығы бар, теңгедегі депозиттердің мына түрлері бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелерді:

  • бір және екі жылға арналған мерзімді депозиттер бойынша тиісінше 10,7% және 10,8%-ғадейін;
  • 3 ай, 6 ай, бір және екі жылға арналған жинақ депозиттер бойынша тиісінше 13,0%, 13,4%, 13,0% және 12,6%-ға дейін;
  • мерзімсіз депозиттер бойынша 12,5%-ға дейін азайтты.

ҚДКБҚ-ның ең жоғары мөлшерлемелерді белгілеу әдістемесіне сәйкес, толықтыру құқығының құны мемлекеттік бағалы қағаздардың (МБҚ)  табыстылығына тәуелді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің ұлғаюы мемлекеттік бағалы қағаздар табыстылығының өсуіне ықпал етті. Бұл ретте МБҚ табыстылығы толықтыру құқығы құнының жоғары бағалануына әсер етіп отыр. Ол өз кезегінде толықтырылатын депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді азайтады.

Мерзімсіз депозиттерді кез келген уақытта толықтыруға және алуға болатындықтан, олар бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлеме де қайта қаралды.

Банктер толықтыру құқығы бар, валюталық және теңгелік депозиттер бойынша мөлшерлемелерді 2020 жылдың 26 наурызынан бастап өзгертуге құқылы. Бұл ретте жаңартылған мөлшерлемелер бұрын ашылған депозиттерге таралмайды, тек жаңа слымдарға ғана тиесілі.

 

Депозиттер санаты

Ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер

2020 жылдың наурыз-сәуірі, %

Толықтырылатын депозиттер бойынша

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша

Ұлттық валютадағы депозиттер

Мерзімсіз депозиттер

12,5q

Мерзімді депозиттер

3 айлық

13,0

13,0

6 айлық

13,0

13,0

12 айлық

10,7 q

12,2

24 айлық

10,8q

12,9

Жинақ депозиттер

3 айлық

13,0 q

14,0

6 айлық

13,4 q

14,0

12 айлық

13,0 q

15,1

24 айлық

12,6 q

15,5

Шетел валютасындағы депозиттер

Мерзімсіз депозиттер

1,0

Мерзімді депозиттер

12 айға дейін

1,0

1,0

12 ай және одан жоғары

1,0 q

1,0 q

Жинақ депозиттер

12 айға дейін

1,0

1,0

12 ай және одан жоғары

1,0 q

1,0 q

АЛМАТЫ