Төтенше жағдай кезінде медициналық керек-жарақты заңсыз саудалаумен айналысқан күдіктінің кәсіпкерлікпен айналысуға рұхсаты да жоқ болып шықты. Тінту кезінде тұрғынның үйінен 250 мыңнан астам медициналық маска табылды. Тәркіленген заттар заң талабына сәйкес облыстық денсаулық сақтау басқармасына беріліп, тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатына пайдаланылмақ. Ал заңсыз кәсіпкерлік жасап, жылдам байып кетуді ойлаған адамның үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Айтпақшы, бұған дейін осы Қарсай ауданындағы «Kelun-Kazpharm» серіктестігі аудан тұрғындарының қажеті үшін 20 000 медициналық бетпердені тегін берген еді.
Алматы облысы