Биылғы 20 наурыздағы эпидемологиялық жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырған 22 жағдай тіркелді. Барлығы зертханалық түрде расталды. Алматы қаласындағы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша COVID-2019-дың 10 ошағы анықталды. Бұл 2 жекеменшік үй мен 8 көппәтерлі тұрғынүй:
- Алтай шағынауданы- 1, 8;
- Жасқанат шағынауданы, 86;
- Еңлікгүл, 34 А;
- Зенков, 59;
- Достық, 162;
- Гоголь, 75;
- Сары-ой, 234;
- Жароков, 16;
- Желтоқсан, 125;
- Байтұрсынов, 78/1.
Барлық індет ошақтарында эпидемияға қарсы профилактикалық шаралар жүріп жатыр.
Бүгін қаланың провизорлық госпиталінде 696, үй карантинінде – 1108 адам бар.
АЛМАТЫ