- Елбасының қиын-қыстау кездегі халқына үндеуі ешбірімізді бей-жәй қалдырмады. Біз өз кезегімізде жолдаудың әрбір тармағын барынша жүзеге асырауға атсалысамыз. Сондықтан санасының саңылауы бар әрбір саналы адам мұндай қиын шақта өзінің қоғам алдындағы азаматтық позициясын айқын білдіруі керек, - дейді «Салиқалы ұрпақ» қорының жетекшісі Қасым Қасабеков.
Айтпақшы, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 2016 жылдың сəуірінде Болат Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Қор жетім балалар мен әлеуметтік жағдайы қиын отбасылардың балаларын «Берекелі үй» пансионатына орналастырумен айналысады.
Сондай-ақ, қайырмдылық қоры құрылғалы бері мұқтаж жандарға білім беру, медициналық жәрдем көрсету қызметін үйлестіріп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы әулеттерді азық-түлікпен қамтамасыз ету ісіне үлес қосып келеді.
Алматы облысы