Алматылықтардың карантин кезінде Тұңғыш Президент саябағына, Орталық мәдениет және демалыс саябағына, 28 Панфиловшы паркіне, Family Park, Ботаникалық баққа, «Қиял әлемі» саябағына, Алматы зообағына, Алма-арасан және өзге де адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартулары сұралады.
Еске сала кетсек, бұған бұрын қалалық Әкімдіктің шешімімен Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе, сондай-ақ, ішкі туризм бойынша экскурсияларды жүзеге асыратын туристік ұйымдардың қызметі COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанғанға дейін уақытша тоқтатылған болатын.
Сондай-ақ, Туризм басқармасы коронавирус тіркелген қауіпті категориялы елдерге қатынайтын және сол елдерден бізге келетін турларды уақытша тоқтатуға ұсыныс білдірген еді. COVID-19 бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында адам көп жиналатын орындардағы сақтық шараларын қатаң қадағалау туралы нұсқаулықтр таратылды.
АЛМАТЫ