24 Тамыз, 2013

Елбасының ел білмейтін қырлары

298 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Көпшілік біле бермейтін бір шындық бар, ол – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бала кезден-ақ ауылдастарын дарындылығымен таңғалдырғандығы. Осы себепті де ойлау жүйесінің жүйріктігі, зеректігі, алғырлығы және батылдығы, сезімталдығы, тағы басқа табиғи қырларымен танылған Нұрсұлтаннан келешекте ұлтын сүйетін кемел азамат боп шығатындығына жерлестері шек келтірмепті.

Көпшілік біле бермейтін бір шындық бар, ол – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бала кезден-ақ ауылдастарын дарындылығымен таңғалдырғандығы. Осы себепті де ойлау жүйесінің жүйріктігі, зеректігі, алғырлығы және батылдығы, сезімталдығы, тағы басқа табиғи қырларымен танылған Нұрсұлтаннан келешекте ұлтын сүйетін кемел азамат боп шығатындығына жерлестері шек келтірмепті.

«Менің Днепродзержинск училищесінде бір жарым жылдың ішінде алған білімімді, – деп жазды Елбасы «Әділеттің ақ жолы» атты кітабында, – ешбір жоғары оқу орны беретін біліммен салыстыруға келмейді. Қалай болғанда да, кейінірек институтта металлургия ғылымын тереңірек меңгерген кезде маған бәрі дерлік анық болды. Ал мұның үстіне алынған практикалық дағдыларымды қосатын болсам, онда ол туралы бірдеңе айту қиын».

Осы сөздерде ақиқат жатыр. Өйткені, Нұрағаның замандастарының көпшілігі он жылдық, тіпті үш кластық біліммен елді мекендерді, аудандарды, ірі ұжымдарды басқарғандар. Осыған қарап, Алла тағала әрбір кісіге сана мен ақыл-ойды, кемеңгерлікті туа бітті сыйлайды-ау деген пікірге еріксіз иланатын сияқтысың.

Алысқа бармай-ақ, бас кейіпкеріміздің әке-шешесін мысалға келтірер болсақ, жоғарыдағы пікіріміздің дұрыстығын дәлелдер едік. Әкесі Әбіш те, анасы Әлжан да көзі ашық, санасы ояу, өнерлі, ата салтын қастер тұтқан, өз ұлты үшін еш жақсылығын аямаған жандар болды.

Металлургтердің КСРО ыдырағанға дейін жалақысы қомақты болып келгендігі жасырын факт емес. «Менің айлығым 400 рубль еді, яғни обкомның жалақысына тең деген сөз, соның жартысын әкеме салып тұрдым. Сөйтсем, қайран қартым ауылдағы тұрмысы ауыр отбасыларына таратып беріп отырыпты ғой», – деп есіне алады кейіннен Н.Назарбаев.

Тағы бір бұлтартпас шындық сол, оның металлург болмаған күннің өзінде танымал адам атанатындығы еді. Дәлелдеп көрелік.

Біріншіден, Нұрағадан талантты журналист шығар еді. Ол сонау 1958 жылы, мектеп қабырғасында жүргенде аудандық «Коммунизм үшін» газетінде өзінің қаламгерлік дарынын танытқан. Оқушы Нұрсұлтанның «Оның қуанышы» атты шағын мақаласын оқып көрелік: «Абай атындағы қазақ орта мектебінің оқушысы Әжібаев Әуесхан биыл алғаш рет сайлауға қатысты. Енді ол жас азамат.

– Бұл күннің қуанышын ешқашан ұмыта алмаймын, – дейді ол.

Әуесхан қазір 10-класта оқиды. Оның туғандары «1-май» совхозының 1-учаскесінде тұрады. Әкесі пенсионер. Ол менің 1-кластан бастап бірге оқитын кластас досым. Осы бірнеше жылдың ішінде Әуесхан сабақтан қалған емес. Әруақытта кластағы зерек, жақсы оқитын оқушылардың қатарында келеді. Қоғам жұмысын да белсене әрқашан мұқият орындайды.

Әуесханның қарт әкесі өзінің жасына қарамай, колхоз шаруашылығына белсенді араласады. Мен бір барғанымда ол кісі: «Елдің бәрі еңбек етіп жатқанда, мен қалай қарап отырамын?» – деді. Қарт әкенің еңбекке деген сүйіспеншілігі Әуесханның да бойына сіңген шынайы сезімдердің бірі. Жазғы демалыс басталысымен Әуесхан әкесіне көмектесуге колхозға жұмысқа кіретін. Тұрған комбайн, тракторларды көрсе болды-ақ: «Шіркін, мен солардың тілін білсемші», – дейді құмарта.

Осы сүйіспеншілік қазір Әуесханның келешегіне жол көрсеткен сияқты. Оның арманы – маман механизатордың бірі болып, өз колхозында жұмыс істеу.

Міне, Әуесхан 16 мартта – СССР Жоғарғы Советінің сайлауына толық праволы совет азаматы болып қатысты. Кластас достың бұл қуанышы бәрімізге де ортақ». Н.Назарбаев, 10-класс оқушысы, «Коммунизм үшін» газеті. 19 наурыз, 1958 жыл.

50-жылдардың ортасында Қытай Халық Республикасы Сычуань провинциясы Цзыаун қаласындағы №5 орта мектептің оқытушысы Чжоу Бай-Сяо БЛКЖО Орталық комитетіне хат жазып, советтік бір жас азаматпен таныстыруды өтінген. Бұл хат және оның суреттері Қаскелеңдегі Абай атындағы орта мектептің оқушысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырылады. Алайда, болашақ Елбасының өзі жауап хатында жазғанындай, қытай тілін білетін кісіні табу қиын еді. Аудандық газеттің редакторы Үсенбай Тастанбеко