Аймақтар • 21 Наурыз, 2020

Алматыны азық-түлікпен қамтамасыз етуге 5 млрд теңге бөлінген

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арлан Қалуетов мегаполистегі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысы туралы, бетперделер мен азық-түлікті жеткізу, олардың баға саясаты туралы мәлімдеді.

Алматыны азық-түлікпен қамтамасыз етуге 5 млрд теңге бөлінген

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, мегаполисте мейрамханалар мен дәмханалардың, сондай-ақ онлайн-дүкендердің жұмысы күшейтілген. Сонымен қатар қалаға азық-түлік тасымалдайтын жүк көліктеріне «жасыл дәліз» ұйымдастырылды. Жалпы Алматы тұрғындарын тағам өнімдерімен қамтамасыз ету үшін қалалық резервтен қосымша 5 млрд теңге бөлінген екен.

    - Бүгінде қалаға сырттан келетін немесе сыртқа шығатын азық-түлік тасымалдаушы көліктер мен логистикалық қызмет түрлеріне «жасыл дәліз» қамтамасыз етілді. Алматыда әлеуметтік маңызды 19 түрлі тауардың түрі бар. Азық-түліктен тапшылық болмайды. Олар тиісті көлемде жеткізіледі. Барлық өнімдер Magnum және Small сауда желілері арқылы сатылады. Жекелеген кәсіпкерлермен бағаны көтермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өз тарапымыздан тұрғындарға азық-түлікті пәтеріне немесе үйіне дейін жеткізіп беруді қамтамасыз ететін механизмді күшейттік, – деді С. Тұяқбаев.

Кәсіпкерлермен азық-түліктің бағасы және оны жеткізу көлемі туралы осы жылдың маусым айының соңына дейін белгіленіпті.