Коронавирус • 21 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан қаласы: Төрт айлық нәресте коронавирус инфекциясын жұқтырды

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова 20 наурыз күні коронавирус инфекциясы анықталған 3 науқастың жай-күйін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы: Төрт айлық нәресте коронавирус инфекциясын жұқтырды

Төрт айлық нәрестесі бар отбасы 19 наурызда Париж-Минск-Нұр-Сұлтан рейсінен түсіріліп, ауруханаға жеткізілген.

«Аталған бортта 73 жолаушы болған. Сол борттан осы үш адам ауруханаға жеткізілді және соның ішінде 7 адаммен жақын байланыста болғаны анықталды. Қалған 63 жолаушы үй карантиніне жатқызылды», - деді басқарма басшысы қала әкімдігінде өткен онлайн-брифингте.