Әлем • 21 Наурыз, 2020

Коронавирус: Қырғызстанда төтенше жағдай енгізілмек

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз Республикасының Қауіпсіздік кеңесі 22 наурыздан бастап ел аумағында төтенше жағдай режимін енгізуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.

Коронавирус: Қырғызстанда төтенше жағдай енгізілмек

Агенттіктің мәлімдеуінше, бүгін, 21 наурызда Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Шағын құрамдағы отырысқа мемлекеттік органдардың басшылары, Үкіметтің Шу облысындағы өкілетті өкілі, Бішкек мэрі қатысқан.

«Бұл мәселені талқылау нәтижесінде шағын құрамдағы Қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысушылардың ұсыныстары ескеріле келе шешім қабылданды. Аталған шешімге сәйкес, Қырыз Республикасының Премьер-Министрі 2020 жылыдң 22 наурызынан бастап ел аумағында 1 ай мерзімге төтенше жағдай енгізу туралы ұсыныс жасайды. Қырғыз Республикасы Үкіметіне Қауіпсіздік кеңесі хатшылығымен бірге төтенше жағдай жарияланған жағдайда жедел әрекет етудің тиісті жоспарын әзірлеу тапсырылды», - деп жазады агенттік.