Соңғы апта ішінде жолаушылар ағымы 64%-ға төмендеді. Алайда алматылықтарды еркін тасымалдау үшін автобустар жоспарлы түрде 95% жолға шығып жүр.
Қала аралық және қала маңы маршруттары карантин кезіне жұмыстарын уақытша тоқтатты.
Ақпарат үшін: Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Алматы облысы бағыттарындағы 49 қала аралық маршрут, сондай-ақ қала маңынан қатынайтын 63 тұрақты қала және қала маңы маршруты уақытша тоқтатылды (759 автобус). Қазіргі режимге сәйкес қала сыртымен өтетін 6 тұрақты қала маршрутының сызбаларына өзгеріс енгізілді (14, 16, 52, 115, 124,125, 208).
Автобустарды дезинфекциялау үшін санитарлық өңдеумен айналысатын екі компаниямен келісім жасалды. Олар барлық автопарктердегі автобустарды түнгі уақытта дезинфекциялаумен айналысады. Күндіз соңғы аялдамаларда жылжымалы санитарлық өңдеу бекеттері жұмыс істеп тұр.
Метрополитен жұмысы бойынша, қазіргі кезде жолаушылар ағымы 70%-ға төмендеді. Алайда метро жұмысы штаттық режимде жалғасуда. Деполарда вагондар толық дезинфекцияланады.